Наурызда «Дала қыранын сақтау» жобасы басталды

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап «Науырзым» қорығының қызметкерлері дала қыранын зерттеп, қорғауға бағытталған бірлескен жобаға атсалысты. Жоба «Наурызым» қоғамдық-экологиялық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Жаһандық жасыл гранттар қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда.

Дала қыраны ( Aquila nipalensis ) — Accipitridae тұқымдасына жататын ірі жыртқыш құс. Ересек құстың денесінің ұзындығы 60-87 см, қанаты 160-190 см, салмағы 2,7-4,8 кг. Бүркіттердің басқа түрлері сияқты Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазір еліміздегі Дала қыраны дүние жүзіндегі популяцияның 80 пайыздан астамы ұялайды.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *