Әлемде қызғалдақтың 3000-ға жуық түрі бар.

Әлемде қызғалдақтың  3000-ға жуық түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі өседі,  18-і Қазақстанның қызыл кітабына еңгізілген. Оның ішінде 4 түрі Науырзым қорығында өседі.

Отандастарымыздың әдемі суреттер жасау мақсатында, қызғалдақтарды таптау фактірлері байқалып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді жойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ҚР ҚҚ-нің 339-бабында өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, пайдалануға тыйым салынғантүрлерін заңсыз пайдаланғаны үшін, сондай-ақ оларды сақтағаны,өткізгені,әкелгені, әкеткені  немесе жойғаны үшін Заң бұзушыға

1) 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады:

2) Түзеу жұмыстарына тартылады:

3) 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар қарастырылған.

4) Заң бұзушы 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын  шектеумен, не мүлкі тәркіленіп,сол мерзімге бас бостандығынан  айырумен жазаланады.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *