Наурызым қорығына жұмыс сапары өтті

Наурызым қорығына жұмыс сапары өтті | Состоялся рабочий визит в Наурзумский заповедник Наурызым қорығына жұмыс сапары өтті Ағымдағы жылдың 27 қазан күні ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Шалабекова А.Л., орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы Қылышбаев Н.Н., Қостанай облысы аумақтық инспекция басшысы Қаркенов Р.Х. “Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы” РММ-не іс-сапармен барды. Бірінші кезекте Қарамеңді ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді, онда ерекше қорғалатын аумақ төңірегіндегі сұрақтар талқыланды. Айта кету керек, қазіргі таңда Наурызым қорығында 64 қызметкер бар. Жұмыс тобы ұжыммен танысып, кездесу барысында мекеме директоры Қойлыбаев Д.Ғ. қорықтың тыныс тіршілігі мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, онда ЕҚТА-тағы қорғау, ғылыми, экологиялық ағарту қызметтері туралы айтылды. Сонымен қатар, жұмыс тобы “Бұлақ соқпағы”, “Наурызым қарағайлы орманы” туристік маршраттарын аралады. Іс-сапар соңында қазіргі таңда қорықтың жұмысын ұйымдастырудағы мәселелер талқыланды.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *