21.04.2022 ж Қарамеңді ауылының орталық алаңында Науырзым қорығының ұйымдастыруымен Парктер шеруі 2022 акциясының ашылу салтанаты болды. 21.04.2022 ж Қарамеңді ауылының орталық алаңында Науырзым қорығының ұйымдастыруымен Парктер шеруі 2022 акциясының ашылу салтанаты болды. Табиғат қорғау іс шарасында аудан әкімі Қ. Абишев құттықтау сөз сөйледі. Қорық директоры Д.Қойлыбаев Парктер шеруінің мақсаты мен маңызына тоқталып өтті. Соңынан ауыл әкімі жиналғандарды белгіленген участіктеріне бағыттады. Қорықтың зейнеткер инспекторы Хасенғали Камаловтың сөзіне жазылған әні Ж. Деріпсалдиннің «Науырзым» әнін Сәулет Мырзатаев әуелетіп шырқап жиналғандарға тарту етті. Көптен бері осындай жиынды сағынған жұртшылық өздерінің бөлінген участіктерін жинауға қуанышпен бара жатты. Бір тал кессең он тал ек деген дана халқымыз, барша қатысушыларға алғысымызды айтамыз.


