«Парктер шеруі-2021» табиғат қорғау акциясы!

«Дүниеге жер ана қара шаңырақ» — деп ақындар жырлағандай бүкіл тіршілік атаулының ұясы және аяулы бесігі, құтты қонысы мен мекені-Табиғат.

«Табиғатты қорғайық, болашақты ойлайық!» деген ұранмен жыл сайын Қазақстанда кең көлемде Парктер шеруі акциясы іске асырылып атап өтіліп келеді. Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы ұрпаққа тәрбиелі мәні зор табиғат қорғау жыл сайын аудан көлемінде атап өтуде. Бұл мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақты табиғат сүйіушілікке тәрбиелеу болып табылады.
Халықаралық жер күні 19 ғасырдың соңынан бері Небраска штатының тұрғыны Джон Мартонының бастамасымен атап өтіліп келеді. Әу баста бұл мереке «Ағаш күні» деп аталған. Және жерді жасылдандыруға арналған. Бірақ 1970 жылдан бастап «Жер күні» деп аталып, өтіле бастады. 1990 жылы мереке халықаралық деңгейге көтеріліп, оған 141 елден 200 млн адам қатысты. 1990 жылдың басынан бастап ол мерекеде ұлттық бақтарға назар аударылып, «Жер күні» «Парктер шеруі» боп өзгертілді. Ал Қазақстанда 1996 жылдан бастап жыл сайын аталып өтіліп келеді.
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті короновирус індеті қаупінің сақталып отырған үрдісін ескеріп , «Парктер шеруі -2021» табиғат қорғау акциясы мен оның шеңберіндегі іс-шаралар өңірдегі ахуалға байланысты және Онлайн-режимде өткізіледі. Осы аталған іс-шараға белсене қатысуларыңызды сұраймыз.
«Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы»РММ әкімшілігі

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *