Қазақстандағы ең көне қорықтардың бірі – Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы. Науырзым қорығы РСФКР Халық Комиссарлары кеңесінің 1931 ж №826 Қаулысымен құрылып, Қазақ орталық атқару Комитеті мен Қазақ АКСР халық комиссарлар Кеңесінің 1934 ж 9 қыркүйегіндегі алқасында бекітілді. Пәрменді заңнамаларға сәйкес Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы ұлттық және халықаралық маңыздағы жоғары дәрежелі ерекше қорғаудағы аймаққа жатады, жергілікті өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің генетикалық қорын сақтауға және биологиялық алуантүрліліктің бірыңғай теңдессіз экологиялық жүйесін зерттеуге бағытталған.
«Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы» ММ-ҚР-ң ұлттық мұрасы болып саналатын ерекше экологиялық және ғылыми маңыздылығы бар қоршаған нысандары орналасқан ерекше табиғи аумақ.
Қорық табиғи үрдістердің табиғи күйін және дамуын әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді өсімдіктермен жануарлар әлемінің биологиялық алуантүрлілік және генетикалық қорын сақтау және зерттеу үшін арналған («ЕҚТА туралы» заңының 7 тарау 39 бап).
Қорық республикалық маңызды табиғатты қорғау мекемесі мәртебесіне ие. МСОП Халықаралық санаты бойынша 1 а- қорғау аумағының жоғарғы санатына жатады.
Науырзым қорығы үш участкеден тұрады:
Орталық Науырзым- тұщы және ащы өзендерді жағалай дәнді – дақыл шалғындары және галофитті қоғамдастықтар шығанағы, сонымен қатар, Науырзым орманы, (даланың Аққансай өзені, даланың әртүрлі типтері, әртүрлі шөптер құмды-қаулы, бұталы әртүрлі қызыл қаулы, бетегелі қау, кешенді), ойпаттың шығыс беткейінде қайың мен көктерек өскен.
Сыпсың жері -ұсақ жапырақты тоғай, құрғақ шалғынды, әртүрлі шөп- құмды қау, қошқыл қаулы жазық, кішкене батпақты көлдер және галофитті бірлестік Қарасу өзенінің жағалауы:
Тірсек жері -біртекті таспалы қарғайлы орман: зональды бетегелі-қаулы даланың еңістік топтары, бұталы түрлі шөпті, қызыл қаулы, бетегелі қаулы далалар және Данабике өзенінің жазықтығындағы галофитті бірлестігі және кешендері.
2007 ж Науырзым көлдер құрылымы ақ тырнаның ең сирек кездесетін түрін қорғау жөнінде халықаралық тарапта Бонн конвенциясы секретариатымен сертификатталған.
2008 ж 7 шілдеде Науырзым қорығы «ЮНЕСКО халықаралық табиғи мұрасы» (Квебек қаласы Канада) тізіміне енді.
Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының экожүйесі қайталанбас өзіндік ерекшелігі жөнінен Еуразия далалық аймақтарында теңдесі жоқ Қазақстандағы жалғыз мекен болып табылады.
2009ж Науырзым қорығы Рамсар тізіміне еңгізілді (Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты аймақ)

